Президент "Ұжымдық инвестициялау және жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметі мәселелері жөніндегі кейбір заңнамалық актілерге өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" заңға қол қойды

Өзгерістер бір жинақтаушы зейнетақы қорының аясында әрқилы инвестициялық портфельдерді, атап айтқанда, байыпты, консервативтік және агрессиялық инвестициялық портфельдерді қалыптастыру мүмкіндігін қарастырады. Аталған портфельдердің активтері әртүрлі инвестициялық стратегия бойынша инвестицияланады және тиісінше, қаржылық құралдардың құрылымы, табыс көлемі және тәуекел деңгейі бойынша ерекшеленеді.