Енді, егер еңбек өтілі 10 жылдан аз немесе мүлдем болмаса, онда базалық зейнетақының мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің тең жартысы, яғни 10 мың теңгеден сәл-ақ асады. Ал, еңбек өтілі бұдан жоғарыларға зейнетақы бөлек есептелмек. Сондықтан қарттығын қамсыз өткізгісі келгендер тыным таппай еңбек етіп, қорға ай сайын қаржы аударып тұруы тиіс. Сондай-ақ жаңа заң бойынша, қазақстандықтар 3 деңгейлі зейнетақы алатын болады. Базалық, жұмыс берушілердің 5 пайыздық жарнасынан төленетін зейнетақы және әркімнің жеке 10 пайыздық жарнасы. Сонда зейнетақыға үш тарап: мемлекет, жұмыс беруші мен азаматтардың өзі жауапты болады.