Президенті аңдымай сөйлейтін Беларустың 756 миллион доллар жоғалту қаупі бар - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-5 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенті аңдымай сөйлейтін Беларустың 756 миллион доллар жоғалту қаупі бар

Президенті аңдымай сөйлейтін Беларустың 756 миллион доллар жоғалту қаупі бар

Астана мен Минск арасындағы сауда құлдырап келеді.

  • 26 Тамыз
  • 5
Фото: ашық дереккөз

2023 жылы Қазақстан мен Беларус арасындағы тауар айналымы 912 миллион доллар болды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Шын айтсақ, деп жазды қаржы сарапшысы Айбар Олжаев, Астана мен Минск арасындағы сауда құлдырап келеді. 2022 жылғы тауар айналым 1 миллиард доллардан асатын.

Қазіргі 912 миллионның 756 миллион доллары – Беларусьтің бізге сататын импорты. Бізден Александр Лукашенконың елі 155 миллион долларға ғана тауар алады. Демек қазақ экспорты құрылымында Беларусь үлесін микроскоппен ғана көруге болады. Яғни, біз үшін Беларустың бар-жоғы тіпті білінбейтін болса, 2023 жылы 39,37 миллиард доллар экспорт көрсеткен Минск үшін біздің үлесіміз 1,9 пайыз.

Беларустан бізге келетін импорт нақты үш категорияға бөлінген. Азық-түлік (ет, шұжық, сүт, ірімшік), ауыл шаруашылығы техникасы (тракторлар, прицептер) және жиһаз. Осының ішінен Қазақстан тарапы кез-келген уақытта Беларус азық-түлігінен қауіпті потоген тауып алуы мүмкін. Ал ауыл шаруашылығы техникасы кейбір стандарттарға сай болмай шықса да таң қалуға болмайды.

Дипломатия мен экономиканың сырт көзбен көрінбейтін байланысы бар. Сондықтан басқа елдермен қарым-қатынасында аузына ие болмай, тым батыл сөйлейтін мемлекет басшылары көп жағдайда өзінің нақты экономикасына зиян тигізіп жатады.

Беларус — Еуразиялық экономикалық одақ сынды интеграциялық ұйымдардан ең көп пайда көрген, экспортын көбейтіп алған ел. Бірақ не үшін «бақытын басқа тебе бастағандығы» түсініксіз болып отыр.