Президенттік "Болашақ" шәкіртақысын алуға қазіргі жағдаймен 125 өтініш түсті - kaz.caravan.kz
  • $ 504.76
  • 593.8
+10 °C
Алматы
2025 Жыл
30 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік "Болашақ" шәкіртақысын алуға қазіргі жағдаймен 125 өтініш түсті

Президенттік "Болашақ" шәкіртақысын алуға қазіргі жағдаймен 125 өтініш түсті

Бүгін, 1-маусымда ҚР білім және ғылым министрі Бірғаным Әйтімова үкімет басшысы Даниал Ахметовтың қатысуымен өткен кеңесте президенттің "Болашақ" шәкіртақысын тағайындауға қатысты ұйымдастырушылық шаралардың орындалу барысы туралы есеп берді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Маусым 2005
  • 511
Фото - Caravan.kz

Б.Әйтімованың айтуынша, министрлікте 20-сәуірде шәкіртақыдан үміткерлерден құжат қабылдау шарасы басталды. «Соған сәйкес Алматы мен Астанадағы шұғыл телефондар бойынша түсініктеме жұмыстары жүргізіліп жатыр». «31-мамырдағы жағдаймен 125 құжат түсіп, олардың 98-і қабылданып, 27 іс толықтыруға жіберілді»,- деді ол.

«Елбасының жарлығына сәйкес республикалық комиссия туралы ережелерге өзгерістер енгізіліп, комиссияның құрамы өзгертілді. Шәкіртақыдан үміткерлерді іріктеу ережелерін жасап бекіту — үкіметке міндеттелген»,- деді министр. Б.Әйтімова «қазір бұл ережелер министрліктің сайтында жарияланды» деп мәлімдеді.
«Сонымен бірге біз Семей, Павлодар, Алматы, Ақтөбе және Қарағандыда қосымша ақпараттық тұсаукесер шараларын ұйымдастырдық»,- деді ол. Үкімет басшысының тапсырмасы бойынша халықаралық ұйымдар мен Италия, Польша, Германия, Франция және Ұлыбританияның жоғарғы оқу орындарының өкілдерімен кездесулер өткізілді,- деді Б.Әйтімова.
Министрдің ақпаратына сәйкес «Болашақ» бағдарламасын жүзеге асыру шараларын ұйымдастыруға 127 млн. 835 мың теңге аударылды».

Перейти к новостям спорта