Жарыс қорытындысы бойынша әйелдер арасында Елена Грицкевич, ерлерден Александр Килайзев, ардагерлер арасында Владимир Мельников чемпион атанған болатын. Осы спорт түрінен Қазақстан құрамасының аға бапкері Александр Коровиннің айтуынша, БҚО-дан аталмыш жарысқа 12 спортшы қатысса, соның бесеуі үздік шықты (бұл жолы Ерғабыл Орынбасаров ең жас чемпион атанды). Олардың бәрі де республика құрама командасының мүшелері ретінде Щучинскіде ақпан айының аяғында өтетін әлем кубогының үшінші кезеңіне қатысады. Оған Финляндия, Беларусь, Украина, Эстония және басқа елдерден спортшылар келмекші.
БҚО құрамасы осыған дейін он екі рет елде үздік шығып, төрт әлем чемпионатында бақ сынаған болатын.