Президенттік мәдениет орталығында Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
23 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік мәдениет орталығында Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылады

Президенттік мәдениет орталығында Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылады

21 қазан күні сағат ҚР Президенттік мәдениет орталығының көрме залында суретші Марат Тұрғымбайдың жеке сурет көрмесі ашылады.

  • 19 Қазан 2011
  • 526
Фото - Caravan.kz

Көрме ел Тәуелсіздігінің 20-жылдық мерекесіне орай өткізілмек.

Марат Тұрғымбай 1956 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1979 жылы Алматыдағы Н.В. Гоголь атындағы көркемсурет училищесін бітірген. Т. Жүргенов атындағы Қазақ мемлекеттік театр және кино институтының түлегі. 1988 жылдан бері Қазақстан Суретшілер одағының мүшесі.

Суретші М. Тұрғымбай шығармашылығы белгілі бір жанрмен шектеліп қана қоймайды. Оның қылқаламы портретке де, натюрмортқа да, пейзажға да аса бейім. Суретшінің әр шығармасынан оның жанының кіршіксіз тазалығы, ішкі дүниесінің мәні мен мазмұны айқын көрініп тұрады.

Марат Тұрғымбайдың шығармалары қазақстандық және халықаралық көрмелерге бірнеше мәрте қойылған. Оның картиналары Алматыдағы Қазақстан орталық Мемлекеттік музейінде және Түркия, Эстония, Германия, Финляндия, Оңтүстік Корей елдерінің жеке коллекцияларында бар.

Көрмеге суретшінің әр түрлі кезеңдерде салынған 40-тан астам картиналары көрермендер назарына ұсынылады. Экспозицияға «Дала сұлуының ұйқысы», «Өмір-өзен», «Менің күнім», «Жастық», «Қапшағай», «Атамның шапаны», «Даналық», «Хан Тәңірі» триптихі т.б. шығармалары қойылмақ.

Перейти к новостям спорта