Президенттік орынтақтан үміткер Кәрішал Асан-Ата қазақ тілінен емтихан тапсырды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік орынтақтан үміткер   Кәрішал Асан-Ата қазақ тілінен емтихан тапсырды

Президенттік орынтақтан үміткер Кәрішал Асан-Ата қазақ тілінен емтихан тапсырды

Бүгін, 28-қыркүйекте президенттіктен үміткер Кәрішал Асан-Ата Орталық сайлау комиссиясының лингвистикалық комиссиясына қазақ тілінен емтихан тапсырды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 28 Қыркүйек 2005
  • 734
Фото - Caravan.kz

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, ол 27-қыркүйекте Орталық сайлау комиссиясына президенттіктен үміткер ретінде тіркеу туралы өтініш берді.

70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата өз бетімен ат ұсыну арқылы мемлекет басшысы болуға ниет білдіріп отыр.
Журналистерге берген сұхбатында Кәрішал Асан-Ата өзінің кандидатурасын «Қазақ мемлекеті» Қазақстанның халықтық фронты қолдайтынын хабарлады.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.

Перейти к новостям спорта