Президенттік сайлау: 200-ден аса шетелдік журналист тіркелді - kaz.caravan.kz
  • $ 498.51
  • 522.84
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік сайлау: 200-ден аса шетелдік журналист тіркелді

Президенттік сайлау: 200-ден аса шетелдік журналист тіркелді

 

  • 5 Маусым 2019
  • 35
Фото - Caravan.kz

ҚР Сыртқы істер министрлігі әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік тілшіні аккредиттеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Жақында шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу процесі аяқталды. Электоралды кезеңде ҚР Сыртқы істер министрлігі ҚР Орталық сайлау комиссиясымен (ОСК) бірлесіп шет мемлекеттерден, халықаралық ұйымдардан, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдерін аккредиттеу мәселелерінде тиісті жұмыс атқарылды. Жалпы, ҚР СІМ әлемнің 40-тан астам елінен 227 шетелдік корреспондентті аккредиттеді (анықтама: 2015 жылы президенттік сайлауға 168 шетелдік БАҚ өкілі тіркелген болатын). Сонымен қатар, Министрлік жанында тұрақты негізде шетелдік БАҚ-тың 121 шетелдік корреспонденті тіркелген. Бұл әлемдік қоғамдастықтың біздің елімізге деген жоғары қызығушылықтың және мемлекеттің саяси және әлеуметтік өміріндегі болып жатқан өзгерістердің айқын көрінісі», — делінген министрлік хабарламасында. Шетелдік журналистер сыртқы саяси ведомство берген тұрақты немесе уақытша аккредиттеу туралы куәлік болған жағдайда сайлауды бақылауды жүзеге асыруға құқылы екенін атап өткен жөн. Сонымен қатар, «Сайлау туралы» Конституциялық заңда шет мемлекеттер мен халықаралық ұйымдардың байқаушыларына, сондай-ақ шетелдік БАҚ өкілдеріне аккредиттеу туралы куәлікті ұсынған жағдайда аудармашымен ілесіп жүруімен сайлауға қатысуға мүмкіндік беретін норма бекітілген.