Президенттік сайлау бойынша әзірге ешқандай ресми нәтижелер шығарылған жоқ - АҚШ елшісі - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттік сайлау бойынша әзірге ешқандай ресми нәтижелер шығарылған жоқ - АҚШ елшісі

Президенттік сайлау бойынша әзірге ешқандай ресми нәтижелер шығарылған жоқ - АҚШ елшісі

АҚШ-тағы Президенттік сайлау бойынша әзірге ешқандай ресми нәтижелер шығарылған жоқ.

  • 7 Қараша 2012
  • 396
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы бүгін Астанада АҚШ-тың Қазақстандағы елшісі Кеннет Фэйрфакс мәлімдеді.

«Сайлау бұл бұрыннан келе жатқан дәстүр. Біздің мемлекетіміз тәуелсіз ел болып табылады, сондықтан да біз әр 4 жыл сайын демократияның негізіне оралып отыратын сайлау мүмкіндігімен мақтанамыз. АҚШ-тағы президенттік сайлаудың барысын бізбен бірге байқау үшін қазақстандық қоғамдастықтың көптеген өкілдері келді»,-деді АҚШ елшісі.

Президенттік сайлау бойынша әзірге ешқандай ресми нәтижелер шығарылмағанына тоқталған ол, CNN және BBC телеарналарында Президент Обама қайта сайланатынын, яғни бұл додада жеңіске жететінін хабарлағанын тілге тиек етті. «Алайда, олар екі кандидаттың да нәтижелері өзара тең екенін айтуда. Ромни президенттік сайлау додасынан шыққандығын мәлімдеген жоқ. Сондықтан да нақты қорытынды әлі белгісіз»,-деді Кеннет Фэйрфакс.

Соңғы жаңалықтар