Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі штаб Тұяқбайдың сайлауалды штабында шыққан өрттің себептерін мұқият тексеруді талап етеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі штаб Тұяқбайдың сайлауалды штабында шыққан өрттің себептерін мұқият тексеруді талап етеді

Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі штаб Тұяқбайдың сайлауалды штабында шыққан өрттің себептерін мұқият тексеруді талап етеді

Президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбайдың Қостанайдағы сайлауалды штабында шыққан өрттің себептерін мұқият тексеруді өтініп, республиканың құқық қорғау мекемелеріне мәлімдеме жолдады. Бұл туралы президенттіктен үміткер Нұрсұлтан Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штабтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада айтылған.

  • 27 Қыркүйек 2005
  • 423
Фото - Caravan.kz



«Егер қасақана өртеп жіберу дерегі анықталып жатса, онда ІІМ-нің қызметкерлері қылмысқа тапсырыс берушілер мен оны іске асырушыларды тез арада анықтауға тиіс. Бұл сайлау алдындағы қарбалас науқанға көлеңкесін түсіретін осындай арандатушылық әрекетке алдағы уақытта жол бермеуге көмектеседі»,- делінген республикалық қоғамдық штабтың баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
«Президенттіктен үміткер Назарбаевты қолдау жөніндегі республикалық қоғамдық штаб барлық үміткерлер үшін бірдей жағдайда әділетті, ашық әрі адал сайлау өткізуге бұлтарыссыз шешім қабылдағанын дәлелдейді»,- делінген хабарламада.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта