Сайлауға қатысуға өз бетімен ат ұсынған М.Оразай журналистерге берген сұхбатында қазақ тілінен емтихан тапсыру өзі үшін «анау айтқандай қиындық тудырмағанын» жеткізді.
М.Оразай Орталық сайлау комиссиясына өзін үміткер ретінде тіркеу туралы өтінішті 1-қазанда тапсырды. 67 жастағы зейнеткер қазір Алматыда тұрады. Ол зейнет демалысына шыққанға дейін мұғалім болып істеген.