Өз бетімен президент сайлауына қатысуға ниет білдірген 63 жастағы Оразалы Сақаев «Қуаныш» деп аталатын ЖШС-нің құрылтайшысы.
Бұл — додаға қатысуға ықылас білдірген осымен он сегізінші адам. Соның ішінде 4 адам республикалық қоғамдық бірлестіктерден үміткер ретінде ұсынылса, 13 адам өз бетімен ат ұсынды.
Лингвистикалқ комиссия 12 үміткердің қазақ тілінде еркін сөйлейтінін анықтады. Олардың бәрі де «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» заң мен Конституцияға сәйкес үміткерге қойылатын талаптарға сай келеді.
Орталық сайлау комиссиясы үміткерлікке ат ұсыну шарасының қорытындысын ертең, 4-қазанда жария етеді,- деп хабарлады журналистерге комиссияның хатшысы Владимир Фоос.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті