Алайда, емтиханға кіріп шыққан 63 жастағы Т.Жамбылов сынақ қорытындысын білмейтінін хабарлады. «Мен ештеңе білмеймін. Шешімді комиссия қабылдайды»,- деді ол.
Журналистерге берген сұхбатында Т.Жамбылов оппозиция қатарына жатпайтынын жеткізді. Президенттік орынтақ үшін додаға «дүниежүзіне Қазақстанда демократия бар екенін дәлелдеу» ниетімен түскелі отырмын, деді ол.
Алматыда тұратын Т.Жамбылов — Қазақстан жазушылар одағының мүшесі.
Өздеріңізге мәлім, Қазақстандағы кезекті президент сайлауы 2005-жылдың 4-желтоқсанында өтеді.