Президенттіктен үміткерлер "Хабар" агенттігінің студиясындағы телепікірсайысқа қатысты - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттіктен үміткерлер "Хабар" агенттігінің студиясындағы телепікірсайысқа қатысты

Президенттіктен үміткерлер "Хабар" агенттігінің студиясындағы телепікірсайысқа қатысты

Осыдан бір жарым сағат бұрын "Хабар" агенттігінің ғимаратына президенттіктен үміткерлер - "Әділетті Қазақстан үшін" демократиялық күштер блогының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, "Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов, мәжіліс депутаты - өз бетімен ат ұсынушы Ерасыл Әбілқасымов пен "Ақ жол" партиясының лидері Әлихан Бәйменов келді. Президенттіктен үміткерлер телепікірсайыс кезінде сөйлейтін кезегін айқындайтын жеребе тастады. Жеребе тастау нәтижесінде бірінші болып "Әділетті Қазақстан үшін" демократиялық күштер блогының жетекшісі Жармахан Тұяқбай, одан кейін "Ақ жол" партиясының лидері Әлихан Бәйменов, "Табиғат" экологиялық қозғалысының жетекшісі Мэлс Елеусізов пен мәжіліс депутаты Ерасыл Әбілқасымов сөз алды.

  • 18 Қараша 2005
  • 376
Фото - Caravan.kz

Телепікірсайыс регламентіне сәйкес, үміткерлер экономикалық, әлеуметтік және саяси үш тақырыпта өз тұжырымын ортаға салды. Әрбір үміткерге үш минуттан кіріспе сөзге мұрсат берілді. Бұдан кейін әрбір үміткер екі минуттан жүргізушінің сауалына жауап берді. Негізгі эфир уақыты тікелей телепікірсайысқа арналды. Пікірсайысқа 90 минут уақыт бөлінді.

Телепікірсайыс өткізу туралы идеяны Орталық сайлау комиссиясы көтерген. Сайлау туралы конституциялық заң үміткерлер мен сайлау комиссиялары үшін телепікірсайыс өткізуді тікелей міндеттемегенімен, оны өткізуге тыйым да салмайды.

Перейти к новостям спорта