Атап айтсақ, Қазақстан жазушылар одағының 63 жастағы мүшесі Тілепалды Жамбылов президенттік додада бағын сынап көрмекші.
Сонымен бірге 70 жастағы Алматы тұрғыны, тарих ғылымдарының кандидаты Кәрішал Асан-Ата да мемлекет басшысы болуға ниет білдіріп отыр.
Журналистерге берген сұхбатында Кәрішал Асан-Ата өзінің кандидатурасын «Қазақ мемлекеті» Қазақстанның халықтық фронты қолдайтынын хабарлады.
i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті