«Нұрсұлтан Назарбаевтың Брюссельге сапары кезінде Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы энергетика саласындағы ынтымақтастық туралы келісімге, сондай-ақ, атомды бейбіт мақсатта пайдалану жөніндегі меморандумға қол қойылады»,- деді Б.Ізмұхамбетов.
Оның айтуынша, әлемдік қордың 20 процентінен асатын уран кеніне ие Қазақстан тек уранды өндірумен ғана шектелмей, сонымен бірге оны байытып, АЭС-ына арналған ядролық отын түрінде қосалқы құны жоғары өнім шығаруға да ниет білдіруде.
«Қазір біз осындай «таблеткаларды» Ресейдің Атом электр станцияларына арнап шығарамыз. Ал болашақта оны басқа елдерге де сатпақшымыз» ,- деді министр.
«Президенттің сапары кезінде қол қойылады деп межеленген меморандумда дәл осы бағытта ЕО елдерімен келешекте ынтымақтастық орнату мүмкіндігі қарастырылады»,- деді Б.Ізмұхамбетов.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті