Жарияланды: 410

Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Астана. 29 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды; Серікжан Зиаданұлы Қанаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды; Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды; Бақыт Қамалбекқызы Есекина Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды. Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, "Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 5-тармағына сай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаевтың өкілеттігі тоқтатылды. Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін