Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды

Астана. 29 қыркүйек. ""Қазақстан Бүгін"" - Президенттің өкімдерімен бірқатар тағайындаулар жасалды, деп хабарлайды агенттік тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

  • 29 Қыркүйек 2008
  • 392
Фото - Caravan.kz

Атап айтсақ, президенттің өкімімен Жомарт Амангелдіұлы Әбиесов Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі кадр саясаты бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды;

Серікжан Зиаданұлы Қанаев Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігі мемлекеттік бақылау және аумақтық-ұйымдастыру жұмысы бөлімнің меңгерушісі болып тағайындалды және ол бұрын атқарған қызметінен босатылды;

Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов Қазақстан Республикасы президенті әкімшілігінің Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды;

Бақыт Қамалбекқызы Есекина Қазақстан Республикасы президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының ректоры болып тағайындалды.

Сондай-ақ, баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, мемлекет басшысының жарлығымен Қазақстан Республикасы Конституциясының 52-бабы 5-тармағына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабы 5-тармағына сай басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасы парламенті сенатының депутаты Мүсірәлі Смайылұлы Өтебаевтың өкілеттігі тоқтатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Соңғы жаңалықтар