Президенттің тікелей эфирде жұртшылықпен қауышуы мемлекет пен қоғамның өзара диалогтан мүдделілігін айғақтап берді - Әбіқаев - kaz.caravan.kz
  • $ 519.61
  • 610.13
0 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің тікелей эфирде жұртшылықпен қауышуы мемлекет пен қоғамның өзара диалогтан мүдделілігін айғақтап  берді - Әбіқаев

Президенттің тікелей эфирде жұртшылықпен қауышуы мемлекет пен қоғамның өзара диалогтан мүдделілігін айғақтап берді - Әбіқаев

Президенттің тікелей эфирде жұртшылықпен қауышуы мемлекет пен қоғамның өзара диалогтан мүдделілігін айшықтап берді. Бұл туралы бүгін, 25-тамызда ҚР парламенті сенатының спикері Нұртай Әбіқаев Франция сенатының депутаты - парламенттегі "Франция-Қазақстан" достық тобының төрағасы Эмери де Монтескьюмен кездесу барысында пікір білдірді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 25 Тамыз 2005
  • 388
Фото - Caravan.kz

«Мемлекет басшысының халықпен диалогы ойдағыдай өтті деп санаймын»,- деді Н.Әбіқаев. «Халқымыз елде болып жатқан оқиғаларға үлкен қызығушылықпен мән беруде»,- деді ол.

Сенатор Эмери де Монтескью президенттің тікелей эфирде көрермендер сауалына жауап беруіне таңданыс білдірді. «Бұл өте ауыр жұмыс әрі ауыр сынақ. Ол ахуалдан толыққанды хабардар болуды талап етеді»,- деді ол. «Оның үстіне үш сағат бойы үздіксіз сұхбат жүргізу — ел басқаратын адамның қабілет-қарымын паш етсе керек»,- деді сенатор.
«Өз басым орыс тілін жеттік білмеу салдарынан президенттің сөзін толық тамашалай алмағанына өкінемін»,- деді Эмери де Монтескью.

Перейти к новостям спорта