Президенттің Үкімет құрамы туралы жарлығы шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Президенттің Үкімет құрамы туралы жарлығы шықты

Президенттің Үкімет құрамы туралы жарлығы шықты

Президенттің Үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлығы шықты. Ол Akorda.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі. Қазақст

  • 13 Қыркүйек 2016
  • 862
Фото - Caravan.kz

Президенттің Үкіметтің жаңа құрамы туралы жарлығы шықты. Ол Akorda.kz сайтында жарияланды, деп хабарлайды Caravan.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 3-тармағына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

1. Мыналар:

Ерлан Әбілфайызұлы Ыдырысов ‑ Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі;

Қалмұханбет Нұрмұханбетұлы Қасымов ‑ Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі;

Дәурен Әскербекұлы Абаев ‑ Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрі;

Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев ‑ Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі;

Тамара Босымбекқызы Дүйсенова ‑ Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі;

Жеңіс Махмұдұлы Қасымбек ‑ Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі;

Бақыт Тұрлыханұлы Сұлтанов ‑ Қазақстан Республикасының Қаржы министрі;

Арыстанбек Мұхамедиұлы ‑ Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрі;


Қуандық Уәлиханұлы Бишімбаев ‑ Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі;

Қанат Алдабергенұлы Бозымбаев ‑ Қазақстан Республикасының Энергетика министрі болып тағайындалсын.

2. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының

            Президенті                                                                                                   Н.Назарбаев

Астана, Ақорда, 2016 жылғы 13 қыркүйек

                    № 324

Соңғы жаңалықтар