Бүгін ұлттық валютамыздың шыққанына 23 жыл толып отыр. Маңызды жиында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа банкнот көпшілік қауымға таныстырылды. Бұл әлемдік тәжірибеде бар. Бұл туралы Бейбітшілік және келісім сарайында «Қазақстан тәуелсіздігіне 25 жыл: ұлттық валюта» тақырыбында өткен конференцияда «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов мәлімдеді, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі.
«Бір айдан соң біз тәуелсіздіктің 25 жылдығын атап өтеміз. Тәуелсіздіктің бір белгісі – Ұлттық валюта күнін тойлап жатырмыз. Осыдан 23 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ұлттық валютамызды айналымға шығарды. Ал осы конференцияда Елбасы бейнеленген жаңа банкнот көпшілік қауымға таныстырылды. Мұндай тәжірибе әлемнің барлық елінде бар. Сол елдің тарихында ерең еңбегі жоғары бағаланып, сол ұлт көшбасшысының бейнесін өз валюталарына басып шығарады», – дейді «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы.+
Абылай Мырзахметов Мемлекет басшысының осындай құрметке лайық екендігін ерекше атап өтті.
«Тәуелсіздіктің 25 жылдығын тойлау алдында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев осындай құрметке лайық деп ойлаймын. Себебі, Елбасы тәуелсіздігімізді алып беріп, мемлекетімізді нығайтты. Сондықтан, ҚР Тұңғыш президентінің бейнесі ұлттық валютада көрсетілуі, меніңше, халықтың көңілінен шығады. Елімізді аталған мерекемен құттықтаймын!», – дейді jk.
Айта кетейік, бүгін Астанадағы Бейбітшілік және келісім сарайында басталған «Қазақстан Тәуелсіздігінің 25 жыл: ұлттық валюта» тақырыбындағы конференция аясында ҚР Ұлттық банктің төрағасы Данияр Ақышев Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бейнеленген жаңа 10 000 теңгелік банкнотты таныстырды.