Приозерск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Приозерск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды

Приозерск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды

Қарағанды облысындағы Приозерск қаласында газ баллонының жарылуы салдарынан РФ азаматтары болып табылатын бір адам қаза тауып, екі жасөспірім жараланды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі министрлігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 15 Қараша 2005
  • 382
Фото - Caravan.kz

Үйінді астынан 65 жастағы үй тұрғынының мәйіті мен екі жасөспірім табылып, олар ауруханаға жатқызылды.

Министрліктің хабарлауынша, жарылыс РФ қорғаныс министрлігінің № 03080 әскери бөлімшесінің балансындағы үйдің 4-қабатында болған. Жарылыс салдарынан 4-қабаттағы 3 пәтердің қабырғалары, едендері мен төбелері жарым-жартылай бүлініп, тұтана бастаған.
Үйде барлығы 168 адам тұрады. Олардың бәрі де туыс-туғандарына көшірілді. Өрт бүгін, 15-қарашада 1 сағат 07 минутта сөндірілді. Төтенше жағдайдың салдарын жоюға 25 адам мен 9 техника, соның ішінде ҚР төтенше жағдайлар министрлігінің өрт сөндіру қызметінің 12 адамы мен 2 техникасы жұмылдырылды.

Перейти к новостям спорта