Жарияланды: 350

Приозерскінің экс-әкімі Е. Өтешев Қарағанды облысының басқармасына басшылыққа келді

Приозерскінің бұрынғы әкімі Ерлан Өтешев Қарағанды облысының энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып тағайындалды, деп хабарланды облыс әкімінің баспасөз қызметінен.

«Облыс әкімі Әбілғазы Құсайыновтың өкімімен облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы болып Ерлан Өтешев тағайындалды», - делінген хабарламада. 41 жастағы Өтешев 2011 жылдың қаңтарынан бастап Приозерск қаласының әкімі болып еңбек етті. Хабарланғандай, өткен аптада ол басқа қызметке ауысуына байланысты Приозерск қаласының әкімі қызметінен босатылды. Приозерск қаласының әкімі қызметіне облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы болып жұмыс істеген 36 жастағы Қайрат Қамзин тағайындалды. Е. Өтешевтің тау инженері және экономист біліктілігі бойынша екі жоғары білімі бар. Ол 2000 жылдан бастап мемлекеттік қызметте еңбек етіп келеді. Шахтинск қаласы әкімінің орынбасары, кейін осы қаланың әкімі болды. Қарағанды қаласы әкімінің аппаратында түрлі қызметтерде болды. Сондай-ақ бас инспектор - меңгерушінің орынбасары, кейін облыс әкімі аппаратының ұйымдастыру-инспекторлық бөлімінің меңгерушісі қызметін атқарды.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін