Приозерскінің коммуналдық шаруашылығының экс-директоры бір жылға сотталды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Приозерскінің коммуналдық шаруашылығының экс-директоры бір жылға сотталды

Приозерскінің коммуналдық шаруашылығының экс-директоры бір жылға сотталды

Қарағанды облысындағы Приозерск қаласының коммуналдық шаруашылығының экс-директоры Усмон Қаланбоев өткен жылы қаланы жылусыз қалдырғанына байланысты іс бойынша бір жылға бас бостандығынан айрылды, деп Қарағанды облыстық сот баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 10 Маусым 2011
  • 359
Фото - Caravan.kz

«Приозерск сотымен 8-ші маусымда үкім шығарылды. У. Қаланбоев қызмет бабында шарасыздық танытқаны үшін ( ҚР ҚК 315-ші бабы, 1-ші тармағы) айыпты деп танылды. Оған бір жылға бас бостандығынан айыру үкімі шығарылды», — деді облсоттың баспасөз қызметінен бейсенбі күні.

«Сот отырысы барысында ол өзінің айыбын мойындамағанымен тергеу барысында оның айыбы толығымен дәлелденді. Соттағы пікірталас барысында айыптының айыбы ауыр салдар тудырмағаны себепті мемлекеттік айыптаушы айыпты басқа баппен қарады», — деді облыстық соттан.

Баспасөз қызметінің мәліметтерінше, сот айыптының үш кішкентай балаларының барлығын, оң мінездемесін және ауыр салдар болмағанын ескерді.

Үкім әлі заңды күшіне енген жоқ. Тараптар оны бұздыруға әрекеттене алады.

Қаладағы қазандық жарылысының салдарын жойған соң У. Қаланбоев директорлық қызметтен босатылып, сол мекемеде инженер болып қалды.

Бұрын хабарланғандай, Приозерскіде қаңтар айының басында қала қазандығындағы апатқа байланысты тұрғын үйлер мен әлеуметтік нысандар жылусыз қалған. Қалада төтенше жағдай режимі жарияланды. Апаттың себептері мен жағдайларын анықтау үшін облыстық ТЖД жанынан комиссия құрылды. Оның қорытындысына сәйкес, қала қазандығы жылыту маусымына дұрыс дайындалмаған. Мамандардың айтуынша, қазандықтың көмекші жабдықтарының қызмет ету мерзімі асып кеткен. Комиссия ТЖ-дан келген шығынды Т83,7 млн-ға бағалады.

Қарағанды облысы бойынша экономикалық қылмыспен және сыбайлас жемқорлықпен күрес жөніндегі департаменті апат Приозерск қаласының қазандығында болған апат бойынша 14 қаңтарда бірқатар қала шенеуніктеріне қатысты «салғырттық» бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың тапсырмасымен облыс әкімі Приозерск әкімі Қайрат Смағұловты қызметінен босатты. Бұдан басқа, жылыту маусымына дайындықты және ағымдағы жұмысын дұрыс бақыламағаны үшін облыс әкімінің орынбасары Бауыржан Смағұлов пен облыстық энергетика және коммуналдық шаруашылық басқармасының бастығы Марат Мәдиевке қатаң сөгіс жарияланды.

Приозерскідегі жалғыз қазандық 1975 жылдан бері пайдаланылып келеді. Приозерск қаласында 13 мың адам тұрады.

Соңғы жаңалықтар