«Тура он жыл бұрын Андрей Кивилев Тур деФранста ауыр сайыста төртінші орынды иеленді, егер қайғылы жағдайға душар болмағанда Тур де Франс жарысының ең жоғарғы сатысына көтерілетінін сөзсіз еді.
Қайтыс болған спортшымыздың жары мен ұлына жыл сайынғы стипендия тағайындау арқылы біз Андрей Кивилевтің халықаралық аренадағы табыстарына құрмет көрсеткіміз келеді. Біз «Астана»велокомандасының мүшесі қатарына Наталья мен Леонард Кивилевтерді қабылдағанымызға қуаныштымыз», — дейді «Астана» велокомандасының коммерциялық директоры Айдар Махметов.
А.Кивилевтің жары Наталья федерация мен командаға алғысын білдіре отырып, олардың бұл құрметі үшін тағзым етті.
«Андрей қайтыс болғаннан бері бұл біздің отбасымызға Федерация басшылығы тарапынан да, жалпы Қазақстан тарапынан да көріп отырған алғашқы құрметіміз.
Өкінішке орай, Андрейдің бұрынғы достары мен әріптестерінің ешқайсысы біздің отбасымыздың жағдайын сұрамағанына көп жылдар өтті, тіпті оның туған күнінде қоңырау шалмайды. Оларджың ешбірімен байланысымыз жоқ. Күйеуім өзінің туған інісіндей көріп жүретін Андрей Кашечкинмен ғана хабарласып тұрамыз. «Каш» үнемі қоңырау шалып, қолынан келгенін аямайды», — дейді Н.Кивилева.
«Федерация басшылығы мен велокоманда менеджментіне осы стипендия үшін мыңда бір алғысымды білдіргім келеді! Бізді ұмытпағанына көзім жетіп отыр», — дейді ол.
Қазақстандық әйгілі велоспортшы, Қазақстанның бірнеше дүркін жүлдегері, XII Азияда ойындарының чемпионы, XIII Азияда ойындарының жүлдегері, 1996 жылы Атлантада және 2000 жылы Сиднейде өткен Олимпиада ойындарының қатысушысы. Әлемдік велоспортшылар рейтингінде 50-ші орынды иеленген.