Бұл туралы әнші Instagram желісіндегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
“Шаршадым», «Мазам болмай жүр», «Түнімен ұйықтай алмай шықтым», «Проблемам бітпей кетті», деген сөздерді лексиконымыздан (сөздік қорымыздан) алып тастайық. Өйткені, біреудің басыдағы ауыртпалықты біреу дәл сол адамдай сезіне алмайды. Ғалымдар зерттеулері мынадай статистикаға сүйене отырып, мынадай кеңес ұсыныпты: “Проблемаңды ешкімге айтпа, олардың 50 % -на ол қызық емес, ал 50 % сенде проблема болғанына қуанады”. Пажалыстаңыз. Иван Тургеневтің: “Қандай қиындықта да күмәнсіз басыңды сүйейтін екі иық бар, екуі де — өзіңдікі “ деген екен. Алла тағаланың бізге өзіміздің күре тамырымыздан да жақын екенін естен шығармайық. Жұма мүбәрак, жақсыларым!», — деп жазды ол.