Еркек болуға шақырған продюсерді қолдап тұсаукерде көптеген өнер жұлдыздары қатысты.
Кітаптың тұсауын Мақпал Жүнісова, Мейрамбек Бесбаев, Нұртас Айдарбеков кесті.
“Бұл кітапта “Жігіттер” тобының жүріп өткен жолы, қызығы мен шыжығы, қоғамдағы ер азаматтың міндеті мен жауапкершілігі жайлы тарқатып айттық. Ұл тәрбиелеп отырған ата-аналар оқысын, еркектік мінезді насихаттап, әкелер өз рөлін дұрыс атқарса екен деген оймен, темірдей тәртіп арқылы еңбектеніп, адал жолда жүрсе екен деген жақсы тілекпен жалпақ жұртқа осы кітапты ұсындым!” – деді Ерғали Әбдірайымов.
Бұл кітаптың сондай-ақ аудио нұсқасы да жарыққа шықты.
Кітаптың аудио нұсқасын таспалаған — "Qazaqstan" Ұлттық арнасының басты дауыс иесі Азамат Қанапия.
Еркек болуға шақыратын кітап 10 000 данамен жарыққа шықты, ал кітапты құрастырған — Еңлік Әбдіқадыр.
Жақында ғана сатылымға шығатын кітапты сатып алған оқырмандарға “Жігіттер” продюсерлік орталығы атынан арнайы сыйлық берілетінін продюсер айтып өтті.