"Прогресс М-53" жүк кораблі Тынық мұхитына батырылады - kaz.caravan.kz
  • $ 514.31
  • 603.03
-2 °C
Алматы
2025 Жыл
17 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Прогресс М-53" жүк кораблі Тынық мұхитына  батырылады

"Прогресс М-53" жүк кораблі Тынық мұхитына батырылады

Халықаралық ғарыш станциясымен түйістірілген "Прогресс М-53" жүк кораблі Тынық мұхитына батырылады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне "Роскосмос" Федералдық ғарыш агенттігі баспасөз қызметінің хабарламасынан мәлім болды.

  • 1 Қыркүйек 2005
  • 418
Фото - Caravan.kz

«Прогресс М-53» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясында жинақталған қоқысты алып, 7-қыркүйекте Астана уақытымен 16 сағат 23 минутта станциядан ажыратылады. Ғарыш кемесі сол күні суға батырылады, делінген хабарламада.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, «Прогресс М-53» жүк кораблі 2005-жылдың маусым айында ұшырылған. Ол Халықаралық ғарыш станциясына азық-түлік, отын және жабдықтар жеткізді.
Қазір «Прогресс М-54» жүк кораблін ұшыруға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Ол 8-қыркүйекте 19 сағат 08 минутта ұшырылып, 10-қыркүйекте 20 сағат 49 минутта Халықаралық ғарыш станциясымен түйістіріледі.
«Прогресс М-54» жүк кораблі Халықаралық ғарыш станциясындағы 11-ші экспедиция үшін 2,5 тонна жүк, атап айтсақ, отын компоненттері, жабдықтар, ғылыми зерттеулерге арналған жабдықтар, жылу режимін қамтамасыз ету жүйесіне арналған жабдықтар, борт құжаттары, азық-түлік контейнерлері, су, ауа және сәлемдемелер жеткізеді.

Перейти к новостям спорта