Прокатқа режиссер Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» атты фильмі шығады - kaz.caravan.kz
  • $ 515.02
  • 604.22
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
22 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокатқа режиссер Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» атты фильмі шығады

Прокатқа режиссер Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» атты фильмі шығады

13 қазаннан бастап жалпыұлттық прокатқа режиссер Жасұлан Пошановтың «Жел қызы» атты фильмі шығады.

  • 11 Қазан 2011
  • 781
Фото - Caravan.kz

Фильм Ш. Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясының туындысы. Жанры- комедия. Киноға Кәмшат Мырзатаев, Дидар Оспанов, Саттар Ерубаев, Асхат Үрпеков, Дәулет Әріпов, Қылышбек Қасымбеков, Жұмағали Маханов, Дастан Қасымшал, Жанат Ниязбаев, Асан Қырқабақов, Әсет Нұрбеков, Исройл Турсинов, Әсет Иманғалиев, Мұрат Омаров сынды жас әртістер түскен.

Фильм шымкенттік үш достың алматылық қызды алып қашпақ болған оқиғасы жайын баяндайды.

«Жел қызы» фильмі мен үшін эксперименттік фильм. Бұл туындыны жаңа киностильді іздеу, авторлық және көрермендік киноны біріктіруге талпыныс деп қарауға болады. Фильмді көптеген көрермендер көрсе екен деп тілеймін. Ал, туындым ұнай ма, ұнамай ма, оның бағасын киносүйер қауым кейін бере жатар»,-деді фильмнің режиссері Жасұлан Пошанов.

Перейти к новостям спорта