Жарияланды: 400

Прокуратура 20 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, жалақы бойынша 1 млрд. теңгеден астам қарыздар өтелді

Прокуратура 20 мыңнан астам жұмысшының құқығын қорғап, жалақы бойынша 1 млрд. теңгеден астам қарыздар өтелді.

Бұл туралы бүгін ҚР Бас прокуратурасында Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің отырысы барысында мәлім болды. Қоғамдық кеңестің отырысы барысында көлік саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері де талқыланған болатын. Жиында келтірілген мәліметтерге қарағанда, көлік саласында бірқатар объектілердің жұмысын ұйымдастыру, жолаушылардың қауіпсіздігін және құқығын қамтамасыз ету мәселелерінде көптеген заң бұзушылықтар орын алып отыр. Бұл ретте елдің көлік қауіпсіздігін қорғау прокуратураның стратегиялық міндеті болып табылады. Сондықтан да, прокуратура органдары жүргізген тексерулер нәтижесінде ағымдағы жыл басынан бері жүзден астам локомотивтерді, 1 мың 700 жолаушы және жүк вагондарын, 130 дана арнайы қозғалыс құрамдарын пайдалану тоқтатылған. Бұдан бөлек, прокурорлардың күш-жігерінің арқасында 20 мыңнан астам жұмысшының еңбек құқықтары қорғалып, 1 млрд. теңгеден астам сома жалақы қарыздары бойынша өтелген. Жиынға қатысушылар саладағы халықаралық талаптарға сай көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз етудің Кешенді бағдарламасын қабылдаудың мақсатқа сай келуін талқылады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть