Жарияланды: 330

Прокуратура 40 шақты ақпарат құралын экстермистік деп танып, жабуды талап етті

Алматы қалалық прокуратурасы 40 шақты оппозициялық ақпарат құралын экстремистік деп танып, жабуды талап етті. Құзырлы органның қаһарына ілігіп отырған «Республика», «Взгляд» газеттері, «К+» телеарнасы, «Стан.ТВ» интернет порталы мен солардың материалдарын көшіріп басумен айналысқан бірнеше сайт. Аталған ақпарат құралдарын қашқын олигарх Мұхтар Әблязов қаржыландыратынын айта кетейік.

Нұрдәулет Сүйіндіков, ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі:

- «К+» телеарнасының, «Взгляд», «Голос Республики» газеттерінің, «Республика», «Стан-ТВ» интернет-порталдарының жариялымдарының талдауы оларда билікті күштеп басып алуды және мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруді насихаттаулар бар екендігі көрсетілген.

Прокуратура сондай-ақ тіркелмеген «Алға» және «Халық майданы» ұйымдарын да экстремистік деп тануды сұрап отыр. Тиісті шағым қалалық сотқа жолданыпты. Прокуратура өкілдерінің айтуынша, аталған ақпарат құралдары мен ұйымдар елде әлеуметтік араздық тудырып, жұртты төңкеріс жасауға үгіттеген. Ал «Алға» ұйымының жетекшісі Владимир Козлов тура осындай айыптармен өткен айдан 7 жарым жылға сотталған болатын. Әблязовтың жандайшаптарының ісі Ақтау қалалық сотында қаралған еді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін