Прокуратура Алматы облысында орын алған темір жол апатының себебін тексеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+20 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Алматы облысында орын алған темір жол апатының себебін тексеруде

Прокуратура Алматы облысында орын алған темір жол апатының себебін тексеруде

Прокуратураның тергеу-оперативтік тобы Алматы облысы Жамбыл ауданында бүгін түнде орын алған темір жол апатының себептерін анықтауда.

  • 24 Маусым 2011
  • 609
Фото - Caravan.kz

«Оқиға орнында тергеу-оперативтік топ жұмыс жасап жатыр, Олар апат себептері мен келген материалдық шығын көлемін анықтауда», — деп агенттікке Жетісу көлік прокуроры М. Қалиев мәлім етті.

Ол жүк құрамының соңғы 9 вагоны Жирен-айғыр және Саз стансаларының арасында рельстен шығып кеткенімен, аудларымағанын жеткізді.

Олардың айтуынша, адам шығын мен зардап шеккендер жоқ. ТЖМ да ол ақпаратты растап отыр.

Бұрын хабарланғандай, Алматы облысының Жамбыл ауданында бүгін түнде магистралда орын алған атап салдарынан №16 ««Петропавл-Алматы» және №44-ші «Қостанай-Алматы» жолаушылар тасымалдайтын поез қозғалысы бірнеше сағатқа тоқтады, деп Қазақстан ТЖМ хабарлады.

Ведомство «Боралдай-Шу» бағытымен бара жатқан, 62 вагоннан тұратын №3401 жүк составының 9 вагоны Қопа және Ұзынағаш стансаларының арасында 3964 блок-бекетінің маңында рельстен шығып кеткені туралы шұғыл әрекет қызметі түнгі 1:55 сағатта хабарлағанын айтады. Апат орнында Алматы облыстық темір жол бөлімінің теміржолшылары жөндеу жұмыстарын жүргізуде.

Соңғы жаңалықтар