Прокуратура аса маңызды қылмыстық істерді тексеру мүмкіндігіне ие болуы тиіс - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+17 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура аса маңызды қылмыстық істерді тексеру мүмкіндігіне ие болуы тиіс

Прокуратура аса маңызды қылмыстық істерді тексеру мүмкіндігіне ие болуы тиіс

Бас прокуратураға маңызды қылмыстық істерді тексеру үшін тергеу аппаратын қайтару қажет, дейді Қауіпсіздік кеңесі мен ІІМ бұрынғы басшысы Қайырбек Сүлейменов.

  • 13 Маусым 2011
  • 387
Фото - Caravan.kz

«Прокуратура қазіргі жағдайында дербес тергеу аппаратынсыз қауқарсыз. Бұл қағаз жүзінде әрекет етуші орган, оның құзіреттілік деңгейіне соңғы 20 жылда кейбір түбегейлі «реформаторлар» үнемі қол сұғып келді. Прокуратура ресми тексергеннен басқа, өз бетінше ештеңе істей алмады. Соңғы жылдары ғана ол Конституцияға сәйкес өз құзыретіне оралуда. Оған маңызды қылмыстық істерді тексеру үшін тергеу аппаратын қайтарып беру ғана қалды», — деп Қ.Сүлейменов «Мегаполис» газетінде бүгін жарияланған сұхбатында атап көрсетті.

Қ.Сүлейменовтың пікірінше, Қазақстанда прокуратураның тергеу аппараты мен тиісті құзыры жоқ, ал полиция әскери прокуратураның орнына қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне, ҰҚК және т.б. қатысты қылмысты іс тексеріп отырған жағдайда жемқорлыққа қарсы нағыз күрестің болуы мүмкін емес».

Соңғы жаңалықтар