Жарияланды: 500

Прокуратура әскери ведомстволарда жанар-жағармайға қатысты 900-ден астам заңбұзушылық тапты

Үкімет жанындағы кеңес отырысында еліміздің әскери ведомстволарында жанар-жағармай сатып алу, оның есебін жүргізу мен сақтау және пайдалану мәселелерінің заңға сәйкестігін тексеру нәтижесі талқыланды. Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов төрағалық етті.

«Әскери прокурорлар 900-ден астам заң бұзушылықтарды анықтап, 100 прокурорлық қадағалау актісі жасалды. 638 лауазымды тұлға түрлі жауапкершіліктерге тартылды. Кінәлі азаматтар материалдық шығын ретінде мемлекетке 4 млн теңгеден астам ақша төледі», - деп жұма күні республика бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады. Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, 17 фактіге қатысты материалдар әскери-тергеу орындарына жөнелтілді. Олар бойынша қылмыстық-процессуалдық іс қозғалады. Сондай-ақ, кеңесте мұнай өнімдерін мемлекеттік сатып алу саласындағы қиындық тудырып отырған мәселелер мен олардың шешу жолдары да сөз болды. Жиын соңында үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть