Прокуратура әскери ведомстволарда жанар-жағармайға қатысты 900-ден астам заңбұзушылық тапты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура әскери ведомстволарда жанар-жағармайға қатысты 900-ден астам заңбұзушылық тапты

Прокуратура әскери ведомстволарда жанар-жағармайға қатысты 900-ден астам заңбұзушылық тапты

Үкімет жанындағы кеңес отырысында еліміздің әскери ведомстволарында жанар-жағармай сатып алу, оның есебін жүргізу мен сақтау және пайдалану мәселелерінің заңға сәйкестігін тексеру нәтижесі талқыланды. Кеңеске премьер-министр Кәрім Мәсімов төрағалық етті.

  • 3 Маусым 2011
  • 481
Фото - Caravan.kz

«Әскери прокурорлар 900-ден астам заң бұзушылықтарды анықтап, 100 прокурорлық қадағалау актісі жасалды. 638 лауазымды тұлға түрлі жауапкершіліктерге тартылды. Кінәлі азаматтар материалдық шығын ретінде мемлекетке 4 млн теңгеден астам ақша төледі», — деп жұма күні республика бас әскери прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

Баспасөз мәлімдемесіне сүйенсек, 17 фактіге қатысты материалдар әскери-тергеу орындарына жөнелтілді. Олар бойынша қылмыстық-процессуалдық іс қозғалады.
Сондай-ақ, кеңесте мұнай өнімдерін мемлекеттік сатып алу саласындағы қиындық тудырып отырған мәселелер мен олардың шешу жолдары да сөз болды.
Жиын соңында үкімет басшысы бірқатар тапсырмалар берді.

Соңғы жаңалықтар