Прокуратура Астанада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға байланысты тексерулер жүргізді - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Астанада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға байланысты тексерулер жүргізді

Прокуратура Астанада ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға байланысты тексерулер жүргізді

Астана қаласында ата-ана қамқорлығынсыз қалған балаларды жұмыспен және тұрғын үймен қамтуға байланысты күрделі проблемалардың болуына байланысты қалалық прокуратура бірқатар тексерулер жүргізді.

  • 27 Маусым 2011
  • 499
Фото - Caravan.kz

«Тексеру қорытындысы осы санаттағы азаматтарды жұмыспен қамтуда мемлекеттік уәкілетті органдар мен кәсіби білім беретін мекемелер арасында өзара тиімді іс-қимылдың болмауына байланысты заң бұзушылықтарға жол берілетінін көрсетіп отыр. Мәселен, соңғы 2 оқу жылында жоғары және орта-арнайы оқу орындарына мамандық алу үшін интернаттық ұйымдардың 146 түлегі түскен, оның 28-і Еуразия ұлттық университеті мен Аграрлық университет тәрізді жоғары оқу орындарына берілетін қала әкімінің гранттарына ие болған. Жасөспірімдердің басым көпшілігі, дәлірек айтқанда 118-і жалпы білім беру мектептерін аяқтаған соң орта-арнайы оқу орындарына түскен. Олардың ішінен өткен жылы 31-і оқу орындарын аяқтаса, соның жартысынан астамы жұмыстарын алған мамандықтары бойынша атқармайтындығы немесе мүлдем жұмыс істемейтіндігі белгілі болып отыр», — делінген ҚР Бас прокуратурасы баспасөз қызметінің таратқан ақпарында.

Мамандардың айтуынша, қалыптасқан жағдайдың негізгі себебі — халықтың әлеуметтік-қорғалатын саласына тиісті тұлғаларына қатысты жұмыспен қамту туралы заңнамамен көзделген жұмыс орындарын квоталаудың және мемлекеттік органдар арасындағы тиісті өзара іс-қимылдың болмауы болып табылады. Интернаттық ұйым тәрбиеленушілерінің 1-ші курстан бастап оқудан бас тарту жағдайлары да өз орнын табуда, білім беру мекемелерінің әкімшіліктеріне аталған тұлғаларды жұмыспен қамту міндеттері жүктелмегендіктен, оларды жұмысқа орналастыру бойынша ешқандай шара қолданылмауда. Мысалы, балалар үйінің 8 тәрбиеленушісінің 4-і 2010 жылы Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіндегі оқуын үзген, ал балалар үйінің әкімшілігі оқу орнын тастап кету жөніндегі мәліметтермен қамтылмаған.

«Оқу орындарын тастап кетудің негізгі себептерінің бірі — мамандықтарын дұрыс таңдамау, ол өз кезегінде сабаққа қатыспай, академиялық берешектің туындауына әкеп соғады. Жоғарыда баяндалған мәселелерге байланысты, үстіміздегі жылдың 16 маусымында қала прокуратурасының бастамасымен Астана қаласы әкімінің орынбасары А. Балаеваның жетекшілігімен ведомствоаралық жиын ұйымдастырылған болатын. Аталған жиында интернаттық ұйымдар тәрбиеленушілерін жұмыспен қамтуға бағытталған бірлескен іс-шаралар жоспарын әзірлеу және мүдделі ведомство өкілдерінен арнайы штаб құру туралы шешім қабылданды. Штабтың отырыстарында осы саладағы проблемаларды талқылап, әрбір тәрбиленуші бойынша тиімді шешім қабылданады деп жоспарлануда. Бұл шаралар бұдан былай түлектердің құқығы мен заңды мүдделерінің бұзылуына жол бермеуге себепші болуы тиіс», — делінген прокуратураның баспасөз қызметі таратқан ақпаратта.

Соңғы жаңалықтар