Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы kaz.inform.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
-Жамбыл облысындағы бұл дерек жайында хабардармын. Осыған қатысты полиция жедел әрекет етіп, күдіктілерді ұстады. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу амалдары басталды. Атап айтқанда, қыз алып қашу сияқты іс-қимылдарға жеке өзім қарсымын. Отбасын құру осындай зорлықтан басталса, оның болашағы қандай болатыны түсінікті… Елімізде тиісті заң қабылданды. Сондықтан прокуратура тарапынан осы заңнының орындалуын толық қамтамасыз етеміз, — деді Ғ. Қойгелдиев Сенаттың жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап бере отырып. https://kaz.inform.kz/news/prokuratura-kiz-alip-kashuga-karsi-zannin-orindaluin-bakilap-otir-galimzhan-koygeldiev-003243/