Прокуратура: ОҚО-да биыл 6 журналист істі болды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-2 °C
Алматы
2024 Жыл
22 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура: ОҚО-да биыл 6 журналист істі болды

Прокуратура: ОҚО-да биыл 6 журналист істі болды

Оңтүстік Қазақстан облысында жыл басынан бері алты журналистің үстінен азаматтық іс қозғалып, сотта қаралған. Бұл туралы Азаттыққа облыс прокуратурасы басқарма бастығының орынбасары Бақытжан Бейсембайұлы айтты.

  • 16 Тамыз 2017
  • 283
Фото - Caravan.kz

Бақытжан Бейсембайұлының сөзінше, 2017 жылы алты журналистің үстінен шағым түскен.

— Талап-арызда адамның қадір-қасиеті мен ар-намысын қорлағаны үшін моральдық шығын өндіріп беру талап етілген. Сот бір талап-арызды қанағаттандырды. Екі талап-арыз екі жақтың татуласуына байланысты медиация тәртібімен, қалғаны дәлел табылмағандықтан қысқартылды, — дейді прокурор.

Журналистердің қай БАҚ өкілдерінен екені аталмаса да олар газет, телеарна қызметкерлері екені айтылды.


Прокурор 2016 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында сегіз журналистің үстінен арыз түсіп, іс сотқа жеткенін айтады.