«Бұл заң бұзушылықтар, негізінен жер телімдерін заңсыз беру, шетелдік жұмыс күшін тартуға негізсіз квоталар бөлу, жетім балалардың құқығын қорғау мен азаматтардың денсаулығын сақтауға бағытталған заңдардың орындалмауына байланысты», — деді І. Бақтыбаев. Ол анықталған заң бұзушылықтар бойынша барлық прокурорлық қадағалауға қатысты 34 мың актінің қанағаттандырылғандығын атап өтті.
«28 мыңдай заңсыз құқықтық актілердің күші жойылды және де өзгерістер енгізілді, анықталған заң бұзушылықтар бойынша 977 қылмыстық іс қозғалып, 38 мыңнан астам тұлға әртүрлі жауапқа тартылды, мемлекетке 9 млрд. астам теңге кіріс кірді»,- деп хабарлады бас прокурордың орынбасары.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті