Жарияланды: 490

Прокуратура органдары жұмысшылардың құқықтарын қорғады

Батыс Қазақстан облысының Орал қалалық прокуратурасы еңбек қатынастары саласындағы заңдылықты қамтамасыз ету мақсатында, еңбек жалақысы бойынша қала аумағында орналасқан проблемалы кәсіпорындарға тексеріс жүргізді.

Бұл туралы ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметінен хабарлады. Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сәйкес, шаруашылық субъектілерінің қызметінде еңбек заңнамасы талаптарының сақталуына қатысты жүргізілген мониторингтің нәтижесі бойынша «Орионстройсервис» ЖШС-де ҚР Еңбек кодексін өрескел бұзушылықтар анықталды. Ұйымның қызметінде 347 қызметкерге 2011 жылдың мамыр айына жалпы сомасы 15 694 000 теңге еңбек жалақысы төленбеген. Осыған ұқсас, 2011 жылдың наурыз айы мен маусым айының аралығында жалпы сомасы 37 200 000 теңгеге «Ақжайық» спорт клубы» АҚ-ның 128 қызметкеріне жалақы төленбеген. Аталған фактілерге орай, қалалық прокуратура аталған кәсіпорындардың директорларына «Прокуратура туралы» ҚР Заңының 24-бабының тәртібімен заң бұзушылықты дереу жою және еңбек қызметінің аталмыш кезеңі үшін қызметкерлерге жалақыларын төлеу туралы ұйғарым енгізді. Прокурорлық актіні қарау нәтижесі бойынша, «Орионстройсервис» ЖШС әкімшілігімен 347 қызметкердің алдындағы жалақы бойынша берешек толық төленді. Ал «Ақжайық» спорт клубы» АҚ-мен жалақының жарты бөлігін 15 шілдеге дейін төлеу міндеттемесімен, 128 қызметкерге 16 125 000 теңге мөлшерінде жалақылары жартылай төленді.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін