Прокуратура «Қазақпаратты» қызметкерлерінің жалақыларын кешіктіргені үшін жауапкершілікке тартты - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура «Қазақпаратты» қызметкерлерінің жалақыларын кешіктіргені үшін жауапкершілікке тартты

Прокуратура «Қазақпаратты» қызметкерлерінің жалақыларын кешіктіргені үшін жауапкершілікке тартты

Астана прокуратурасы «Қазақ ақпараттық агенттігі» АҚ-ны әкімшілік жауапкершілікке тартып, қызметкерлерінің алдындағы жалақы қарыздарын өтеуді талап еткен ұйғарым шығарды.

  • 15 Шiлде 2011
  • 369
Фото - Caravan.kz

«Осының нәтижесінде қоғам жұмысшыларының жалақылары толығымен өтелді», — делінген бейсенбі күні Астана пролкуратурасы таратқан хабарда.

«Қазақ ақпараттық агенттігі» АҚ-ның (Казинформ) өз қызметкерлерінің алдында берешегі бар екендігі туралы мәліметтің растығын нақтылау мақсатында, прокуратура осы ұйымда тексеру жүргізген болатын.

Тексеру барысында қызметкерлерге еңбекақыларының толық және уақтылы төленуі қамтамасыз етілмегені, нәтижесінде 129 қызметкер алдында 12 млн. теңге берешек пайда болғаны анықталды.

Осы заң бұзушылыққа жол бергені үшін «Қазақ ақпараттық агенттігі» АҚ-ы әкімшілік жауапқа тартылып, еңбекақы бойынша берешекті өтеу туралы ұйғарым енгізілді.

Нәтижесінде аталған ұйымның қызметкерлеріне еңбекақы бойынша берешек толық өтелді», — делінген прокуратура таратқан хабарда.

Елорда прокуратурасы осы бағыттағы жұмысты жалғастыра беретіндігі айтылады.

Бұрын хабарланғандай, 21 маусымда агенттік қызметкерлері ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімовтың атына ашық-хат жазып, кәсіпорын қарыз болуы себепті есеп шоттарының қамауға алынғанын, сол себептен «Қазақпарат» қызметкерлерінің жалақылары кешігіп жатқанына шағымданған. Осы себепті ұлттық ақпараттық агенттік журналистері ереуілге шыққан.

23-ші маусымда ереуілдеушілер мамыр айының жалақысын алғандығы себепті ереуілді тоқтатқанын хабарлады.

Соңғы жаңалықтар