Оның айтуынша, Шыңғырлау аудандық пошта байланысы басқармасының пошташылары бірнеше жылдан бері мемлекет белгілеген ең төменгі көрсеткішке сай келмейтін мардымсыз жалақы алып келген. Атап айтсақ, бұл кәсіпорында істейтін пошташының айлық жалақысы 1800 теңгені құрайды. Ал республика көлемінде үкімет белгілеген ең төменгі жалақы мөлшері 9200 теңге екені мәлім.
Тексеру барысында аталмыш аудандағы 14 пошташының осындай төмен жалақы алып келгені анықталды. Шыңғырлау аудандық пошта байланысы басқармасының басшылығы берген түсініктемеге сәйкес, мұндай жалақы бас кеңсесі Алматыда орналасқан «Қазпошта» АҚ- ның басқармасы бекіткен штат кестесі бойынша есептеліп келген.
Шыңғырлау аудандық прокуратурасы «Қазпошта» АҚ- ның облыстық филиалының директорына заңды белден басу көрінісін арылтуға нұсқау берді.