Оның сөзіне сүйенсек, тергеу абақтысына жүргізілген тексеру барысында 2006 жылы шаруашылық қызмет көрсетуге қатысты жұмыстарға ауыр қылмыс жасағаны үшін сотталған 20 адам тартылғандығы анықталды. А. Серғазин Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 72-бабына сәйкес, бұл жұмыстарға тек бірінші рет сотталған және де 5 жылға дейін бас бостандығынан айрылған тұлғалар ғана тартылуға тиіс екендігін түсіндірді. Сонымен қатар, бұл бапқа түсініктеме беруде аталмыш санатқа жеңіл және орташа дәрежелі қылмыс жасағаны үшін сотталған тұлғалар жататындығы айтылған. «Шараушылық қызмет көрсетуге қалдырылған барлық 20 адам да колонияға айдалуға тиіс болатын. Біз жеңіл және орташа қылмыстар жасағаны үшін сотталған 55 адамның колонияға айдалғанын анықтадық, ал абақты әкімшілігі қызмет көрсету құрамын осылардан құруларына болар еді. Олардың жазасын өтеу мерзімдері 8 айдан 3 жылға дейін»,- деді А. Серғазин.
Сонымен қатар, прокурор тексеру барысында шаруашылық қызмет көрсету үшін қалдырылған екі жазасын өтеушінің (біреуі — ауыр қылмысы үшін, екіншісі — сыбайлас жемқорлық үшін) жазасы заңсыз жеңілдетілгенін хабарлады. Атап айтқанда, олардың шаруашылық қызмет көрсетуде екі апта жұмыс істеген біреуіне алғыс жарияланып, оны абақты-қонысқа ауыстыруға ұсыныс жасалған. Бұл ұсыныстар арнайы прокурордың наразылығымен соттан кері қайтарылды.
Жоғарыда көрсетілген барлық заң бұзушылық деректеріне байланысты, арнайы прокурор Шығыс Қазақстан облысының әділет басқармасының бастығының атына анықталған заң бұзыушылықтарды жою және кінәлі лауазымды тұлғаларды жауапқа тарту туралы ұсыныс жолдады. «Ауыр қылмыстары үшін сотталғандар жазаларын сот үкімде белгілеген колонияда өтеуге тиіс. Заңға теріс түсініктеме беру арқылы тергеу абақтысының әкімшілігі жазаны өтеу ұғымының беделін түсіруде»,- деді А. Серғазин.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті