Прокуратура сотқа дейінгі іс жүргізудің мүлдем жаңа үлгісін әзірледі - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+21 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура сотқа дейінгі іс жүргізудің мүлдем жаңа үлгісін әзірледі

Прокуратура сотқа дейінгі іс жүргізудің мүлдем жаңа үлгісін әзірледі

Бүгін ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары Иоган Меркельдің төрағалық етуімен Бас прокуратура жанындағы Заңдылықты қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы болып өтті.

  • 31 Мамыр 2011
  • 485
Фото - Caravan.kz

Онда сотқа дейінгі іс жүргізуді реформалау мәселесі қаралды.

«Прокуратура тарапынан жүргізілген сараптама біздің сот ісін жүргізу ісіміз әлі де КСРО қылмыстық іс жүргізу құқығы аясындағы ескі қағидаттарға негізделіп отырғанын көрсетті. Бұл бюрократиямен тығыз байланысты жүйе болып табылады әрі қылмыстың ұдайы өсуіне уақытылы, толыққанды әрекет етуге қауқарсыз. Осыған орай Бас прокуратура сотқа дейінгі іс жүргізудің тұжырымдамалы жаңа үлгісін ұсынады. Бұл ретте 7 негізгі бағыттар бойынша реформалар жүргізу көзделеді», — деді жиынды ашып сөз сөйлеген бас прокурордың орынбасары Иоган Меркель.

Атап айтқанда, жаңа үлгі бойынша қылмыстық іс қозғау туралы қаулыдан бас тарту, тергеушінің айып тағуын алып тастау секілді нормалар қамтылатын болады. Бұдан бөлек, сотқа дейінгі іс жүргізу түрлерін де реформалау көзделеді. Қазіргі қылмыстық іс жүргізудің қолданысында негізінен сотқа дейінгі үш іс жүргізу түрлері жүзеге асады. Бас прокуратура бұларды біріктіріп, бір ғана іс жүргізу мәселесін қарастырған. «Бұндай реформалар біздің қылмыстық іс жүргізу үдерісімізді түбегейлі өзгертуді көздейді. Саланың шапшаңдығын арттырып қана қоймай, бұл жұмыста әділсоттылықтың іргелі негізін бұзбау шаралары қарастырылады», — деді Бас прокурордың орынбасары.

Кеңестің жұмысына Парламент депутаттары, көрнекті ғалымдар, «Нұр Отан» партиясының өкілдерінен тұратын Кеңес мүшелері қатысты.

Соңғы жаңалықтар