Прокуратура Тұяқбайдың жақтастарының сайлау заңнамасын өрескел бұзғанын анықтады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-1 °C
Алматы
2025 Жыл
21 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратура Тұяқбайдың жақтастарының сайлау заңнамасын өрескел бұзғанын анықтады

Прокуратура Тұяқбайдың жақтастарының сайлау заңнамасын өрескел бұзғанын анықтады

Алматы қалалық прокуратурасы президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбайдың жақтастарының сайлау заңнамасын өрескел бұзғанын анықтады. Бұл туралы қалалық прокуратураның баспасөз баянында айтылған,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 10 Қазан 2005
  • 364
Фото - Caravan.kz



Атап айтсақ, прокуратураның мәліметі бойынша, үміткердің жақтастарының бірі — А.Қинаятолдиннің үйінен «анонимді баспа және бейнеөнімдер табылды». Өнімдерде оны шығарған ұйым, басылған жері мен таралымы туралы, тапсырыс берген тұлғалар туралы, сондай-ақ, материалдардың қандай қаржыға шығарылғаны жайында мәліметтер болмаған, дейді прокуратурадағылар.
Азамат А.Қинаятолдиннің үстінен әкімшілшік құқық бұзушылық туралы іс қозғалып, осы жөніндегі материал соттың қарауына берілді.
«Сайлау кезінде жай-жапсары көрсетілмеген үгіт материалдарын дайындап таратуға тыйым салынғанына қарамастан, президенттіктен үміткер Жармахан Тұяқбайдың жақтастары сайлау заңнамасындағы аталмыш талаптарды көзге ілмей отыр»,- делінген хабарламада.
Осыған байланысты прокуратура президенттіктен үміткерлерді, олардың штабтары мен жақтастарын «сайлау заңнамасындағы талаптарды бұлжытпай орындауға шара қолдануға» тағы бір мәрте шақырады, делінген хабарламада.

i>Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

Перейти к новостям спорта