Прокуратура ақпаратына сәйкес, ішінде әскери бөлімшенің қаржы бөлімінің қызметкері бар ұйымдасқан қылмыстық топ тонаушылықпен айналысып келген. Топ еліміздің қаржылық заңнамасындағы ақтаңдақ тұстарды пайдаланып, ұрланған ақшаны сыбайласының жеке есепшотына аударып келген. Топтың жымысқы әркеттері 2003-жылдың қаңтар-шілде айларында жүзеге асырылыпты.
Сондай-ақ, оңтүстік астана әуежайынан ұшқан ұшақ бортына 6 сұңқарды заңсыз алып өту дерегі бойынша қозғалған іс Алматы гарнизонының сотына тапсырылды. Құстарды әуежай күзетінен алып өтпек болған Алматы әуежайы шекара отрядының прапорщик шенді бақылаушысы айыпкер деп танылды.