Прокуратураның санкциясымен Астанада тоғыз айда 662 адам қамауға алынды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокуратураның санкциясымен Астанада тоғыз айда 662 адам қамауға алынды

Прокуратураның санкциясымен Астанада тоғыз айда 662 адам қамауға алынды

Астанада 9 айда қылмыстық қудалау органдарымен 1005 адам ұсталса, прокуратура соның 662-сін қамауға алу туралы санкция берді.

  • 31 Қазан 2012
  • 383
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Астана қаласының прокуроры Мұхтар Жөргенбаевтың төрағалық етуімен қала прокуратурасы алқасының кезекті отырысы барысында мәлім болды. Еске салсақ, алқа отырысында қылмыстық процесте азаматтардың конституциялық құқықтарының сақталуы, Астана қаласы түзеу мекемелері мен «Еңбек» кәсіпорны филиалдарының қызметінде еңбек заңнамасының сақталуы және сотталғандарды жұмысқа орналастыру бойынша заңдылықтың жай-күйі қаралды. Бұл туралы Астана қалалық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.

Келтірілген мәліметтерге қарағанда, прокуратура бас бостандығынан айырумен байланысты бұлтартпау шарасын қолдануға негіз болмағандықтан, «қамауға алу» бұлтартпау шарасын санкциялау туралы 69 адамға қатысты өтінішін қолдаудан бас тартқан.

«2012 жылдың өткен кезеңінде прокуратура органдары Астана қаласының Уақытша ұстау абақтысынан 125 адамды босатқан, ал қылмыстық қудалау органдарының қызметтік үй-жайларынан 71 адам босатылған. Сонымен қатар қылмыстық іс қозғау арқылы қылмыстық қудалауға ұшыраған азаматтардың конституциялық құқықтарын бұзу фактілері де орын алған. Прокуратура органдары қылмыстық қудалау органының қылмыстық іс қозғау туралы 90 шешімін заңсыз деп танып, күшін жойды», — делінген баспасөз хабарламасында.

Бұдан бөлек, алқа отырысында қылмысты жасыру практикасын түбегейлі жою мүмкін болмай отырғаны да атап көрсетілген. Мәселен, ағымдағы жылы елорда прокуратурасы барлығы 207 қылмысты анықтап, есепке қойған. Бұл ретте прокурорлық ықпал ету шараларымен қылмыстық қудалау органдарының 72 лауазымды тұлғасы түрлі тәртіптік жауапкершілікке тартылды.

Соңғы жаңалықтар