Прокурор Досқалиевті, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жылға сотталуын сұрап отыр - kaz.caravan.kz
  • $ 448.89
  • 477.93
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурор Досқалиевті, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жылға сотталуын сұрап отыр

Прокурор Досқалиевті, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жылға сотталуын сұрап отыр

Мемлекеттік айыптаушы Тельман Аленов бұрынғы ҚР денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевті, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жылға сотталуын сұрап отыр, деп ҚазТАГ тілшісі сот залынан хабарлады.

  • 2 Тамыз 2011
  • 514
Фото - Caravan.kz

«Досқалиевті ҚР ҚК 311 бабы 5 тармағы бойынша айыпты деп танып, ҚР ҚК 55 бабы негізінде оның отандық медицина ғылымына қосқан айтарлықтай үлесі ерекше жағдай екені мойындалсын. Оған ҚР ҚК 311 бабы 3 тармағы бойынша мүлкін тәркілеп, жазасын қатаң тәртіптегі колонияда өтейтіндей етіп, 7 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалсын», — деді прокурор сейсенбі күні.

«Ж. Досқалиевті ҚР ҚК 307 бап 1 тармағы бойынша айыпты деп танып, және ҚР ҚК 69 бабы негізінде, қылмыс жасалғаннан бері 2 жылдық мерзімнің өтіп кетуіне байланысты, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылсын. Сондай-ақ Нұрлан Дүйсалиевті ҚР ҚК 313 бабы 1 тармағы бойынша айыпты деп танып, және ҚР ҚК 69 бабы негізінде, қылмыс жасалғаннан бері 2 жылдық мерзімнің өтіп кетуіне байланысты, оның қылмыстық жауапкершіліктен босатылуын сұраймын», — деді мемлекеттік айыптаушы.

«Мені 311 бабы бойынша ақтап шығуларыңызды сұраймын. Мен қызмет бабын асыра пайдаланған емеспін… және мен сол ақшалар мен пәтерлерді алған жоқпын», — деді өз кезегінде Ж. Досқалиев.

Еске салсақ, сот Ж. Досқалиевке және денсаулық сақтау министрлігінің бұрынғы жауапты хатшысы Болат Садықовқа қатысты жедел медициналық көмек ғылыми зерттеу институтын мемлекеттік қабылдау жөнінде тергеуді тоқтатқан болатын.

Сондай-ақ прокурор Т. Аленовтың өтінішімен сот, Төлеген Тоймағамбетов пен Ж. Досқалиевтің ісіндегі «телемедицина» эпизодын қайта тексеруге жіберді.

Сөйтіп, Ж. Досқалиевке айып тек бір эпизод – «медакадемияға тиесілі жер телімдерін тұрғынүй құрылысы үшін заңсыз беру» бойынша тағылатын болды.

Бұрын хабарланғандай, Ж. Досқалиев Астана медициналық академия ректоры болған кезде, 2005 жылы, көппәтерлі үй тұрғызу үшін, «Астана КБТ» ЖШС құрылыс компаниясына академияға тиесілі жер учаскелерін береді. Соның нәтижесінде медакадемия құны Т59,14 млн деп бағаланған жерлерді пайдалану құқығынан айрылады.

Одан басқа, Ж. Досқалиев өзінің заңсыз әрекеті үшін Т27,52 млн ақша және жалпы құны Т38 млн тұратын 4 пәтерді пара түрінде алған, деп айыпталады.

Соңғы жаңалықтар