Прокурорлар балалар порносайтын қарағандарды қырына алмақ - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+11 °C
Алматы
2024 Жыл
18 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурорлар балалар порносайтын қарағандарды қырына алмақ

Прокурорлар балалар порносайтын қарағандарды қырына алмақ

Педофилдермен күресуге Бас прокуратуратураның өзі мықтап кірісті. Құқық қорғау орындарының қызметкерлері азғындарды алдын-ала анықтау үшін балалардың порносы салынған сайттарға жиі кіретін адамдардың соңына түспек.

  • 11 Тамыз 2015
  • 211
Фото - Caravan.kz

Яғни  прокурорлар күні-түні  ғаламторды аңдитын болады. Сөйтіп, жеткіншектердің қатысуымен болған анайы видеоларды тұрақты қарайтын адамдарды шұғыл тексермек. Мұндай  азаматтардың жүйкесі сыр беруі мүмкін дейді прокурорлар. Сонымен қатар, жәбір көрген жеткіншекпен тергеуші емес, психологтың  әңгімелескені дұрыс екен. Сондай-ақ, құқық қорғау орындарының қызметкерлері педофилдерді піштіру керек деген мәселені тағы көтерді. Және заңға өзгеріс енгізіп, қылмыскер мен зорлық көрген баланың жақындарына  өзара келісуге  тыйым салу қажет деп отыр. Өйткені кішкентайларды зорлау күн санап артып барады екен. Ал құзырлы органдар қолданған  шаралар нәтижесіз. 

Соңғы жаңалықтар