Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2003-жылы елімізде 29 мыңнан аса заңсыз құқықтық-нормативтік актілердің күші жойылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2003-жылы елімізде 29 мыңнан аса заңсыз құқықтық-нормативтік актілердің күші жойылды

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2003-жылы елімізде 29 мыңнан аса заңсыз құқықтық-нормативтік актілердің күші жойылды

Прокурорлық қадағалау нәтижесінде 2003-жылы елімізде 29 мыңнан аса заңсыз құқықтық актілердің, соның ішінде 900 құқықтық-нормативтік актілердің күші жойылды. Бұл туралы бүгін, 23-қаңтарда Астанада ҚР бас прокуроры Рашид Түсіпбековтың төрағалығымен өткен ҚР Бас прокуратурасының кеңейтілген алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша аталмыш мекеменің баспасөз қызметінен таратылған хабарламада айтылған.

  • 24 Қаңтар 2004
  • 478
Фото - Caravan.kz

Баспасөз қызметінің атап көрсетуінше, мемлекетіміздің жоғары қадағалаушы мекемесінің басты күш-жігері мемлекеттік мекемелер мен лауазым иелерінің іс-қызметінде заңдылықты қамтамасыз етуге бағытталды. Прокурорлар мемлекеттік мекемелер тарапынан еңбек және сыбайлас жемқорлықпен күрес заңнамаларының, оралмандар мен кәмелеттік жасқа жетпегендердің құқығына қатысты заңдардың , «Көші-қон туралы», «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң талаптарының орындалу жағдайына кең көлемде тексеру жүргізді.

Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдардың 30 мыңнан астам лауазымды қызметкеріне түрлі жауапкершілік жүктелді. Мемлекет кірісіне 9 млрд. теңгеден астам қаржы өндіріп алынды.
Прокурорлық қадағалау нәтижесінде қазақстандықтардың еңбек құқығын бұзғаны үшін 40-тан астам шетелдік жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 4 млн. теңгенің айыппұлы өндіріп алынды. Жалпы алғанда прокуратура органдары 66 мыңнан астам Қазақстан азаматының конституциялық құқығын қорғау мүмкіндігі қамтамасыз етілді.

Соңғы жаңалықтар